Басты жаңалықтарВидеоҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Соңғы үш жылда бірде — бір қылмыс тіркелмеген
Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ішімдіктен бас тартуынан соңғы үш жылда бірде бір қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жаңажол ауылында 2500-ден аса тұрғын бар. 6 азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Енді елдімекендегі сауда орындарында арақ-шарап сатылмайды. Себебі ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты. Бұл бастаманы ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер көтеріп, осындай байламға келген.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз