Дәрет сындыруда дәрежеге айналды
Павлодарда 11 млн теңгеге екі қоғамдық дәретхана салыныпты. Ал «Бәйтеректі» күрделі жөндеуден өткізге 2 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
НҰРКЕН ҚАЛИЖАНҰЛЫ, ТІЛШІ: «Есіл өзенінің сол жағалауында зәулім «Бәйтеректің» биыл бой көтергеніне 15 жыл болыпты. Содан бері биыл монуметке күрделі жөндеу алғаш рет жасалған. Шаһардағы туристер ең көп аялдайтын орынның бірі осынша қаржы жұмсадық деген жауаптылар көп өзгеріс жасадық деп сендіреді».
Варвара Тэн – Ташкенттен Астанаға көшіп келгеніне бірнеше жыл болыпты. Бұған дейін жұбайымен монументті көруге келген ол бүгін алғаш рет баласын алып келіп отыр.
ВАРВАРА ТЭН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:«Жөндеуден кейін бірінші келіп тұрмыз. Үйге қонақтар келсе, мұнда алып келуге тырысамыз. Дегенмен соңғы жаңғыртудан кейін аса көп өзгеріс байқамадым. Барлығы жылтырап, таза болып қалған сияқты. Таңқалдырған ештеңе болмады».
Өткен жылғы мәліметтер бойынша, «Бәйтерек» монументінен ел бюджетіне 2 миллиарқа жуық теңге пайда түскен. Ал дизайны еркеше монументтің авторы сәулетші Ақмырза Исаұлы оны салуға кезінде төрт жарым миллион доллар кеткенін айтады.
АҚМЫРЗА ИСАҰЛЫ, СӘУЛЕТШІ: «Ол кездегі қаражатпен төрт жарым миллион доллар. Жобасымен бірге 11 айда салынды. Менің білуімше 500 миллионнан артық жөндеуге жібереді деген. Соның жобасын көргем».
Бұл жерде Бәйтерікті салған сәулетшінің айтып отырған 500 миллонан артық қаражаты биылғы күрделі жөндеуге жетеді деп айтылған. Оны Астана қаласының бұрынғы әкімі Андрей Лукин өткен жылы журналистерге сұхбатында айтқан еді. Бірақ бір жылдың ішінде ол сомманың қалай бірнеше еселеніп кеткені белгісіз.
АНДРЕЙ ЛУКИН, ҚАЛАНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ: «Біз 2017 жылдың басында «Бәйтерек» монументінде жөндеу жұмыстарын бастаймыз, әйнектерін ауыстырып, құрылмаларын бекітетін боламыз. Жұмыс 2017 жылдың 15 мамырына дейін аяқталуы тиіс. Биыл, жөндеу жұмыстарына 150 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оларға бірегей әйнектер сатып алынбақ. Жобалық-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін, қосымша 250-280 миллион теңге көлемінде ақша бағытталады».
Енді осынша қаржы жұмсалаған Бәйтеректің жаңа келбеті қалай өзгерді деген көпшіліктің көкейінде заңды сауал туындайды.
НҰРКЕН ҚАЛИЖАНҰЛЫ: «Өзгерістердің дені кешеннің ішінде жасалған. Елбасының алақан таңбасы алтын жалатылып, өз орнына қойылған. Ал кешеннің әйнегі әлдеқайда сапалысына ауыстырылып, қала көрінісі анық көрінетін болыпты. Дегенмен жөндеу жұмыстарынан кейін билет бағасы қымбаттаған».
Ал экономист Жанкелді Шымшықов Бәйтеректің салынуна кеткен ақшаны Википедиада көрсетілген 6 миллион доллар дегеннің өзінде бұл қазіргі курспен 2 миллиард теңге болатынын айтады. Яғни, жөндеуге кеткен ақшаға тағы бір монументті салуға жеткілікті дейді. Көпшілік Бәйтерекке кеткен миллиардттарды талқылап жатқанда, Павлодарда қала қазынасынан 11 миллион теңге бөлініп, оған екі қоғамдық әжетхана салынды деген ақпарат шықты. Атқамінерлердің сөзінше, олардың әрқайсысы 2,5 миллион теңге тұрады екен. Ал қалған қаржы комуникация тартуға кеткен.