160 сарбаз ант қабылдады
Бір сапта таңнан түнге дейін. Бір айдың ішінде Ақтөбе және Жамбыл облыстарынан, Астана мен Шымкент қалаларынан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасына мерзімді әскери қызмет етуге келген 160 әскерге шақырылушы әскери ілімнің негіздерін үйренді. Ал енді осы бөлімнің саптық алаңында олардың өмір мектебіндегі негізгі емтиханның бірі өтті. Жаңа сарбаздар Отанына адал болуға ант берді.
Кешегі оқушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері бұдан былай бірыңғай бағдарлама бойынша білім алатын болады. Олардың артында бірінші кезең бар. Жас жауынгер курсы, онда жігіттер саптық дайындық негіздерін, әскери жарғыларды, қару-жарақ түрлерімен танысып, оларды үйренді. Бір сөзбен айтқанда, әскери өмірге қарқынмен енді.
Ұлдарына мыңдаған шақырым жерде келген жас сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары бұл рәсімді көздеріне жас алып, мақтанышпен қадағалады.
Қолында қаруы бар жас жауынгерлер өздерінің әскери борышын лайықты орындауға, елдің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халқы мен Отанын батыл қорғауға ант берді.
Жас жауынгерлердің өміріндегі маңызды оқиғамен бригада басшылығы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Бауыржан Күренкеев, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша «Қарулы күштер ардагерлері» кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Онбаев және Шымкент филиалының «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төрағасы Гүлмира Оспанова құттықтады.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Бауыржан Күренкеев өз сөзінде ант сөздері әрбір жауынгер үшін ерекше жауапкершілік атқаратынын атап өтті.
– Бүгінгі қорғаушылар ата буын жауынгерлерінің батырлық даңқының лайықты ізбасарлары болып табылады, күн сайын біздің жерімізде қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етеді, — деп атап өтті полковник Бауыржан Күренкеев.
Ант беріп, салтанатты шерумен өткеннен кейін жас сарбаздар өздерінің дайындаған қойылымдарын ұсынды. Олар №1 және №2 дене шынықтыру жаттығуларының кешенін, қару-жарақпен саптық техниканы, дефилені және армияның қоян-қолтық ұрыс техникасын орындады. Мұның бәрін олар өткен айда үйренді.
Ант қабылдау рәсімі мәресіне жеткесін, сарбаздардың ата-аналары бөлімнің аумағына экскурсия жасап: казармалық үй-жайлардың бөлмелері мен асханамен танысты. Бөлім басшылығы оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
А.Нәби