«Қыртып атсыңдар» деген Дариға Бадықованың басы дауға қалды
Белгілі актриса Дариға Бадықованың басы тағы да дауға қалды. Әлеуметтік желідегі жазбасы ел-жұрттың талқысына түсіп жатыр. Ағынан жарылған актриса «Моана-2» мультфильміне барған көрерменге «қыртып жатсыңдар» деп айтып қалды.
«Ана бір мультикқа қарағанда кино өте күшті. Ана мультикқа барып қыртып жатсыңдар ғой. Білмеймін не үшін барып жатқандарыңды? Голивудқа шапан кигізіп, ақша беріп жатқандарыңды түсінбеймін мен», деді актриса.
Танымал актриса соңғы жылдары продюсерлік етіп өзінің бірнеше киносын түсірді. Соның бірі «Таптым-ау, сені-2» туындысы, қазір қазақша дубляждалған «Моана-2» мультфильмімен прокатта қатар көрсетіліп жатыр. Тиктоктың тікелей эфирінде өз киносын мақтаймын деп өзге туындыларға қатысты пікір айтқан шоу-бизнес өкілінің не айтқысы келгені өзіне ғана мәлім.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз