Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Пшөнді атып кетті

Атыраулықтар  «Пшөннен» айырылып қалды. Көктемгі су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен итті атып кеткен. Мұны үй жануарының иесі Зәмзәгүл Жаңабаева хабарлады. Махамбет ауданы, Сартоғай ауылы тұрғынының айтуынша, ол итті аула сыртына босатып жіберген. Кейін «Пшөн» үйге жараланып қайтқан. Оны ит-аулаушы үйге жақын маңда жазым қылған көрінеді. Айта кетейін, көктемгі табиғи апат уақытында «Пшөн» құм салынған дорбаларды тасып, еріктілерге жәрдемдескен еді. Оның бұл іс-әрекеті әлеуметтік желіде тез тарап, көпшілікті сүйсінткен-тұғын.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button