Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ұландықтар есірткі тасымалдаушыны ұстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп№53 түзеу мекемесінің аумағына есірткітасымалдаған ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚбаспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 1 желтоқсанда сағат 18.25 шамасындаболды. Түзету мекемесінің қызметкерлері мекеменіңайналасында жүрген азаматтың күдікті мінез-құлқына назар аударды. Бейнебақылау камераларын қолдана отырып, жедел қызметкерлер оның әрекеттерінтіркеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне ұстауүшін ақпарат берді.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Арыстан Бисенов пен патрульдік Азамат Бағланұлымен Ерлан Гумировтың үйлесімді іс-қимылдарыныңарқасында ер адам сәтті ұсталды. Ұстау кезінде ерадамның есірткі заттарын ҚАЖ мекемесінің маңындаорналасқан жеке үйдің аумағы арқылы лақтырыпүлгергені анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталған адам одан әрі тергеу үшінқұзыретті органдарға жіберілді. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын анықтаубойынша жұмысты жалғастыруда.

Бұл жағдай құқық қорғау органдарының есірткі трафигіне қарсы күрестегі және қоғамдыққауіпсіздікті сақтаудағы бірлескен күш-жігерініңмаңыздылығын көрсетеді. Құқық қорғау органдарыазаматтарды қырағы болуға және күдікті әрекеттертуралы хабарлауға шақырады.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button