Басты жаңалықтарСаясат

Жеңіс Қасымбек Ақордаға барды

Бүгін соңғы қоңырау соғылғанымен, жаңа оқу жылына жоспар көп. Алдағы маусымда Астанада 12 білім ордасы есігін айқара ашады. Мұнымен қоса, 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек сүйінші жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елорданың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берген шаһар басшысы, экономикалық көрсеткіштердің үлесі де артқанын жеткізді. Тек биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгеге жеткен. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар. Сонымен қатар, биыл 173 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 1 млн 1 жүз миллион түп жасыл желек егіледі деді, — Жеңіс Қасымбек. Кездесу соңында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

ФОТО: aqorda_resmi

Басқа материалдар

Back to top button