Басты жаңалықтарБілім

«Тұмшаланғаннан гөрі ұлттық киіміміз дұрыс»

Қап — қара киініп, бет — аузын тұмшалап жүретіндер жайлы да Президентіміз сөз қозғады.((КІРУ)) Оранғаннан гөрі ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық деген мемлекет басшысы дәстүрлі киімдерімізді кеңінен насихаттау мәселесін көтерді. Қасым — Жомарт Тоқаев бұл мақсатта Әз — Наурыз мейрамының орны ерекше екенін, соның ішінде «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болғанын атап өтті. Әсіресе, әйелдеріміздің дәстүрлі образы ғажап екенін айтқан ол ұлттық колоритті дәріптеуді күшейту керек деп мәлімдеді.

«Ұлттық киімдерге деген қызығушылық артты. Мектептер мен түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұраныс көбейген сайын тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс», -деді Мемлекет басшысы.

А.Орынғали

ФОТО: akorda.kz, ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button