Басты жаңалықтарЭкономика
Ет 100 теңге, нан 17-18 теңге
15 қараша — теңге күні. 24 жыл ішінде инфляция еселеп өсіп, ұлттық валютамыздың едәуір құнсызданғаны байқалады. Мұны Фейсбуктегі парақшасына ескі дәптерінің суретін салған Евгения Шестакованың жазбасынан да байқауға болады.
Алматылық келіншектің отбасылық бюджетіне арналған естелігі бойынша, 1995 жылғы еттің бағасы 100 теңге, тауық еті 150 теңге болған екен. Ал нанды 17-18 теңгеге сатып алыппыз. Сүттің литрі 30-35 теңге шамасында, жұмыртқа 50 теңге бағаланған.