Басты жаңалықтарҚоғам

СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ОБЛЫСТАРДА ӘКІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Су тасқыны болған өңірлердегі әкімдердің, басқа да жауапты тұлғалардың жұмысына қатысты тексеру жүргізіледі.  Шұғыл жиын өткізген Үкімет басшысы Олжас Бектенов министрлер кабинетіне осындай ескерту жасады.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметі бойынша, қазір судың ортасында қалған ауыл-аймақтарда 6000-нан аса адам мен 2200 ге жуық техника жұмыс істеп жатыр. Кейбір облыстардағы аудандарда төтенше жағдай жарияланды.

«Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады. Мен бұл мәселені Бас Прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр«, деді премьер-министр Олжас Бектенов.

 

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button