Басты жаңалықтарҚоғам

Алаяқтар айфон ұстағандарды алдаудың амалын тапқан

Қолыңыздағы телефон айфон болса, алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз. Бас прокуратура Apple смартфондарын қолданушыларына шұғыл ескерту жасады. Әккілер смартфондағы фотосуреттер мен видеолар сақталатын iCloud қоймасының толып кеткені жайлы жалған хабарламалар таратып, тұрғындардың жеке дерегіне қол жеткізіп жатыр. Халықты әдейі қорқыту үшін хаттың ішіне «аккаунт бұғатталады, сурет пен бейнелеріңіз жойылады» деген секілді үрейлі сөздерді де қосып қояды екен. Бас прокуратура тұрғындарға «шұғыл түрде сілтемеге өтіңіз» деген СМС келсе, сенбей, бәрін жіті тексеріп алуға кеңес беріп жатыр.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button