Басты жаңалықтар
Клубты жалға алып, қаз өсіріп отыр (видео)
Павлодар облысы Шарбақты ауданында екі мың қаз өсірген жігіт кәсіптің көзін тапқан. Былтыр осынша балапан алған Нұрланбек есімді жігіт мыңнан аса құсты сатып, 500 қазын алып қалған. Қазір сол бес жүз қанаттының жұмыртқасын бастырып, тағы көбейткелі жатыр. Бұл туралы youtube-тағы «АУЫЛ ТЫНЫСЫ» арнасы жариялады.
1979 жылы туған жігіттің мүмкіндігі шектеулі. Соған қарамастан кәсіп бастап, еңбектенуде.
Кезінде шаруасы шалқыған ауылда қазір төрт үй қалған. Үшеуі өзге ұлт өкілі. Нұрланбек елдімекендегі клубтың ғимаратын жалға алып, пайдаланып отыр.
Былтыр қаздың келісін 2800 теңгеден сатқан. Ал бір қаздың өзін 12 мың теңгеге саудалаған. Биыл балапан сатып алмай, инкубатор алып, қолдан бастырып жатқан көрінеді.
А.Орынғали