Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Төс жеген жігіт төсекте мықты (видео)

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, еліміздегі 10 ер адамның 4-еуі белсіз екен. Медицина тілінде бұл дертті — простотит, импотенция деп жатады. Мамандар бұл ауруға себеп көп дейді. Таңнан қара кешке дейін отырып жұмыс істеу, стресс, басқа да жайттар әсер етеді. Бұрыннан келе жатқан бұл дерттің алдын алып, белсіздіктен сақтану үшін қазақтар төс жеген екен. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

НҰРБЕК БЕКБАУ, ТІЛШІ: «Қазақта «зәрем зәр түбіне кетті» деген сөз бар. Қатты стресс, күйзеліс, үрейге бой алдырса, қуық безі қысылып қалады екен ғой. Бүгінгінің түсінікті тілімен айтсақ, простотит осыдан болады екен. Мәселен, қазақ күйеу балаға міндетті түрде төс тартады. Алайда басқа жілік емес, не себепті төс тартатынын қазіргі қазақ түсіндіре алмайды».

ИНДИРА ТӘУКЕНОВА, ДӘРІГЕР:»Төс еті – ақуызға өте бай келеді. Оны көбірек жігіттер тарапы жеу керек. Семірем деген уайым болмауы керек, себебі ол май емес. Түрлі стресстік жағдай, суық тисе, осы төстік ет қабынудан сақтайды, қалпына келтіреді. Міне, күйеу жігітке не үшін төстік етті бергендігін түсіндіңіз бе? Қазақ әркімге сыбаға таратқанда себебін біліп таратқан болып тұр ғой».

НҰРБЕК БЕКБАУ — ТІЛШІ:«Ер Төстік» ертегісін еске түсірейік. Ерназар деген байдың 8 ұлы, бораннан ыққан қалың жылқының артынан кетіп, сол күйі оралмайды. Кеше ғана бай болған Ерназар, ішерге ас таппай, тас кедейге айналады. Шалқаласынан жатып, өлімді күтіп жатқанда, биенің төс етін көрмей ме, ілулі тұрған?! Сол төстікті асып жеген шал әлденіп орнынан тұрмаушы ма еді. Содан ұзамай кемпірі жүкті болмаушы ма еді. Мезгілі жеткенде, кемпір ұл туып, оның атын Төстік қоймаушы ма еді».

НҰРБЕК БЕКБАУ – ТІЛШІ:»Демек, бүткіл қабырғаның түйіскен жері – майлы төс етінде қуық асты безіне қуат беретін нәрлі заттектің болғаны. Осыны бұрынғы ата-бабаларымыз білген. Білгендіктен де қызын алғалы отырған күйеу бала қуатты болсын деген ізгі ниетпен төс тартқан. Ал ол қуатты болса, шаңырақ шайқалмайтынын, өкпе-реніш аз, тіпті болмайтынын түсінген. Өмір де қызығырақ болатынын білген. Ендеше, жігіттер, төстік жеп тұрыңдар. Өкінбейсіңдер. Әңгіменің төркіні осы!»

 

Басқа материалдар

Back to top button