Басты жаңалықтарҚоғамСаясат

Берік Уәли Асқар Мырзахметовті қасына шақыра ма?

Абай облысына әкім боп тағайындалған Берік Уәлиге қоғам белсендісі Айгүл Орынбек осындай кеңес айтты.

Әлеуметтік желідегі парақшасында шенеунікпен түскен суретін салған пост авторы Асқар Мырзахметовтің мектебін көрген Берік Уәлидің мықты әкім болатынына сенім білдірген.

«Ел басқару үшін білім емес, мінез керек!» деген Айгүл Орынбек «журналист әкім бола алмайды» деген пікірмен келіспейтінін де жазды.

«Әкімнің айналасы жағымпаздардан таза болуы керек. “Артыңызға кіруге бола ма?” деп жалпаңдайтындардан аулақ жүрген жөн.
Менің берер кеңесім – өзіне кеңесші ретінде Асқар Мырзахметов ағамызды қасына алу. Бұл – тиімді басқару жолындағы маңызды қадам болар еді», деген кеңесін де айтыпты.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button