Оқушы ойыншыққа жинаған ақшасын Арысқа аударды
Алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын Арыстықтарға жіберді. Осы арқылы жалпыхалықтық жылуға өз үлесін қосуды жөн көріпті. Еліміздің түкпір-түкпірінде гуманитарлық көмек жинау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл игілікті іске үлкендермен қатар мектеп оқушылары да жең түріп кіріскен. Бұл туралы «Евразия «телеарнасы хабарлады.
Екі жыл бойы жинаған ақшасын санап отырған бұл баланың есімі Алдиар. Алматыда тұрады. Әуел баста ойын приставкасын аламын деп жоспарлапты. Бірақ, Арыстағы оқиға ойын өзгертген.
АЛДИАР ДӘУЛЕТҰЛЫ, ОҚУШЫ:
«Мен басында мүлде басқа зат алғым келген плей стейшнді. Бірақ одан кейін білдім, ойландым да қайырымдылық жасаған дұрыс болады деп шештім».
Алдиардың әкесі бұл пиар әдіс не мақтаныш емес деп кесіп айтты. Баласы шешім қабылдаған соң бетін қақпай, бірден қолдапты.
ДӘУЛЕТ САТАЕВ, АЛДИАРДЫҢ ӘКЕСІ:
«Сөйлескен кезде әкешім копилкадағы жиналған ақшаға қамқорлық жасасам деп өзі ниет қылды. Енді баланың ниеті өзі солай болғаннна кейін әрқайсымыз өзім ойлаймын + Бүл бүкіл халықтың, барша Қазақстанның қайғысы ғой расында. Құдай бетін әрі қылсын мұндайдан».
Төтенше жағдайды естіген оқушылар да қайырымды істен шет қалмақ емес. Бұл күнде «Жас Ұландық» жастар мектептерде штаб құрып, қатарластырының әкелген көмегін жинастырып жатыр екен.
ДАНИЯР БЕКЕТОВ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:
«Бізге 20-30 шақты оқушылар келді естігендер. Осы күндері 20-30 келсе бізге әлі жазып жатыр қашан келейік, ертең не арғы күні келсек болады ма деп. Арғы күндері тағы 25-30 оқушы келмекші. Барлығы оқушылар, кәдімгі мектеп оқушылары».
Гуманитарлық штабқа бара жатқан Сәуле мен оның жарын жолдан кездейсоқ жолықтырдық. Ана жүрегі балалардың жылағанын көріп шыдамапты. Теңіздей іске тамшыдай үлес қосуды жөн санаған.
СӘУЛЕ ЕСЕНГЕЛДИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:«Мен өзі екі баланың анасымын. Ана болған соң қиын әрине. Сондықтан балалардың киімдерін, барлық жаздық киімдерін балалардың. Сонымен қатар аяқ киімдер әкелдік. Өзіміздің бірінші көмегіміз ретінде».
Әр әкелінген зат, өткізілген қаражат Арысқа жетеді. Еріктілер «тұрғындар еш алаңдамасын» — дейді
ЖҰМАН КЕНТАЙ, ЕРІКТІ:
«Осындай списогымыз бар өзіміздің. Мұнда адамдардың аты-жөнін, нөмірін жазып аламыз. Қандай нәрсе, не әкелді деп. Сосын мына қоймаға сұрыптап әкеліп қоямыз».
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей штабтарға зат, ақша апарып жатқан халықтың қарасы үзілмепті. Елорда тұрғындары жұмаға дейін әлі де оңды іске септігін тигізе алады. Бесінші жұмыс күні гуманитарлық көмек астанадан Арысқа аттанады.