12 мың сиыры бар кәсіпкерден азап шеккен 8 ауылдың халқы су сұрап Астанаға келгелі жатыр

Өңірдегі шенеуніктер мен министрлер 12 мың ірі қарасы бар кәсіпкердің сөзін сөйлеп, премьер-министр Олжас Бектеновті алдаған. Шу өзенін өзінің жеріне бұрып алған Мойынқұмдағы кәсіпкердің бассызығын жариялаған депутат Мақсат Толықбай Мәжілісте бар шындықты жайып салды.
Аймаққа барған сапарында Үкімет басшысына шенеуніктер мұны «жалған ақпарат» деп сендірген. Ал шын мәнінде, Шу өзенін өз жеріне бұрып алған кәсіпкердің кесірінен тұтас өңірдің жері қурап, жергілікті жұрт сусап отыр екен. Тіпті, Жамбыл облысында әкім болған қазіргі су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовтің өзі құрығы ұзын мойынқұмдық кәсіпкерді жақтап келген көрінеді.
Депутаттық сауал жолдаған Мақсат Толықбай мәселе тез арада шешілмесе, 8 ауылдың халқы астанаға келетінін ескертті.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



