Басты жаңалықтарБілім

Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді – балалық шақ саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай стратегиялық құжаты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын әзірледі.
👶 Қазақстанда 6,9 млн бала тұрады (ел халқының 34%). Соңғы 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артты, бұл балалық шақ саласында жүйелі әрі ұзақ мерзімді шешімдерді қажет етеді.
🛡️📚 Құжат әрбір баланың қауіпсіздікке, білімге, денсаулыққа және әлеуметтік қорғауға деген құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған және 2030 жылға дейінгі мемлекеттік шараларды бірыңғай жүйеге біріктіреді.
📊 Тұжырымдама 158 іс-шара мен 10 негізгі индикатор арқылы іске асырылады, бұл ашықтық пен нақты нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
💻 Алғаш рет баланы цифрлық сүйемелдеу тетігі енгізіліп, 🔐 онлайн қауіпсіздік күшейтіледі, ♿ инклюзивті орта дамытылады, 🏥 медициналық және оңалту қызметтері кеңейтіледі.
🤝 Әлеуметтік қолдау тиімді әрі атаулы болады, оның ішінде 🚍 балаларға тегін жол жүруді кезең-кезеңімен енгізу көзделген.
⚖️ Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, 🧠 психологиялық қолдау және 👤 жеке сүйемелдеу тетіктері күшейтіледі.
🌱 «Қазақстан балалары» – әрбір бала үшін қауіпсіз, қорғалған және тең мүмкіндіктерге ие балалық шақты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді мемлекеттік бастама.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтынан алынды.

 

Басқа материалдар

Back to top button