АЙМАҚБасты жаңалықтарБөкей ордасы ауданыБөрлі ауданыЖәнібек ауданыКазталов ауданыӨҢІРЛЕР

Батыс Қазақстанда пішеннің өртенуі жиілеп тұр

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тек кеше бір күннің ішінде үш бірдей оқиға тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тек кеше бір күннің ішінде үш бірдей оқиға тіркелді. Кеше сағат 16.15-те Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылында Абылай хан көшесіндегі жеке үйдің ауласында 17 тонна пішеннің жанғаны жөнінде мәлімет түскен. Өртті сөндіруге 4 адам 1 техникамен барды.

«Тілсіз жау» бүгін сағат 05.15-те ауыздықталды. Сол секілді сағат 16.50-де Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында Сәрсенов көшесіндегі жеке үйде 4 тонна пішен отқа оранған. Оны 4 адам 1 техниканың қатысымен сағат 20.58-де сөндірді. Сағат 18.50-де Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында Құрманғазы көшесінде жеке үйдің ауласында 4 тонна пішен мен қора-қопсы (аумағы – 35 шаршы метр) өртенді. Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника барып, бүгін сағат 02.20-да ауыздықталған. Қазіргі кезде аталған өрттердің шығу себептері, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында 5 тонна пішен өртеніп кеткен болатын.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button