Басты жаңалықтарҚоғам

Мас мұғалім машинамен алты адамды қағып, үшеуі көз жұмды

Түркістан облысында мас жүргізуші әйел алты адамды қағып, 3-еуі мерт қалды. Оқыс оқиға Арыс қаласында болған. Жоғарғы жылдамдықпен келген жүйткіп келген көлік орындықта отырғандарды соғып, үйдің қоршауын бұзып өтіпті. Ащы суға сылқыя тойып алып, бірнеше отбасыны қан жылатып келген оқиға туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

ҒАЛЫМЖАН КЕНЖЕБЕК, ТІЛШІ: — Қайғылы жағдай сенбі күні кешкі сағат сегіз жарым, тоғыздар шамасында осы жерде болған. Мына беткейден рөлді басқарып келе жатқан әйел тегежегішті баспай, орындықта отырған адамдарды жапа-тармағай басып кетіпті.

Көршілер қас пен көздің арасында болған жағдайдан есеңгіреп қалған. Апат болған жерге барған тұрғындар жан-жақта шашып жатқан туған-туыстарын көріп қатты абдыраған. 50-ден асқан жүргізуші әйел 6 адамды қағып, оның үшеуі сол жерде қайтыс болды.

ҒАНИ АЙДАРОВ, МАРҚҰМНЫҢ ҚАЙЫН АҒАСЫ: — Ана жерде көрші балдар отырған. Айтады қатты келді деп. Тормоз баспаған, кеше милициялар келіп няғылды. Тормоздың ізі де жоқ мына жерде. Ішіп алған, тойып алған. Ол кісі мына Адамбеков мектебінің мұғалімі. Қазақ тілі пәнінен береді.  Енді жиі ішіп тұрады. Ішіп жүргенін көретін көретінбіз.

Бақилық болғандардың бірі 29 жастағы Айшолпан Шәріпбек. Соққының қатты болғаны соншалық дуалдың арғы бетіне өтіп кетіпті. Төрт баланың анасы жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқан сәтінде соңғы демі үзіліпті. Ал, оқиға орынында қайтыс болған оның 2 жасар ұлын тас-кесектердің ішінен тауып алыпты. Тағы бір көршілерінің 5 жасар қызы да сол жерде тіл тартпай кетіпті. Айдың күннің аманында үш адамның өмірін жалмаған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған. Ал қара жамылған отбасының балалары анасынан айырылған ауылдан көшіп кетейік деп жылайды екен.

АҒАЙША МАНАТОВА, МАРҚҰМ КЕЛІНШЕКТІҢ ЕНЕСІ: — Кеше түнде жатайын деп жатсақ мама қане, мама қане деп жатыр ғой. Енді менің өне бойым, жүрегімді тіліп өтеді мама қане деп. Қайтемін енді қай жақтан аутып беремін? Жаным-аууу.

Оқиға салдарынан тағы бір егді әйелдің иығы сынса, тағы екеуін түрлі жарақаттарымен аураханаға жеткізген. 30 жастағы келіншектің тізесі сынып, миы шайқалып, хирургия бөліміне жатқызылған. Ал 1 жас 6 айлық баласы бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты.

АЙДАР АКБАРОВ, АРЫС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ УАҚЫТША МЕҢГЕРУШІСІ: — Миының шайқалуымен, оң жақ кеуде тұсының көптеген жабық сынуымен сол жақ санының сынуымен реанимация бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдай ол баланы облыстық балалар ауруханасына ауыстырдық. Оң жақ бетінде 5 қабарғасы сынған және сан сүйегі сынған.))

Үш адамның өмірін жалмап, қалғандарын аурухана төсегіне таңылдырған әйел жүргізуші ұсталып, қамауға алыныпты. Қазіргі уақытта жедел топ мән-жайды толық анықтау үшін тергеу әрекеттерін бастапты.

Басқа материалдар

Back to top button