Басты жаңалықтарВидеоДенсаулық

Солтүстік Қазақстанда тұрғындар терапевтке де кіре алмай жүр (видео)

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тұрғыны, ютубтағы  «Жизнь в селе» парақшасының авторы Алеся Артемьева осылай деп мұңын шақты оқырмандарына.

Аудан орталығы Талшық ауылына барған қарапайым шаруа денсаулығы сыр берген соң дәрігерге көрінбек болған.  Алайда ауруханада интернет дұрыс істемей, соның салдарынан халық кезек күтіп, әбден ызаға булыққан. 

Кардиолог, эндокринолог  секілді салалық мамандарға жіберу үшін алдымен терапевтке көрініп, оның жолдамасын алу керек. 

«Біресе жарық жоқ, біресе интернетпен проблема. Адамдар отыр. Бәрі ашулы» деген Алеся Артемьева кешкі сағат 5-ке дейін терпевтке кіре алмай, ауылына кері қайтқан. Кабинетінен шығып кеткен дәрігер науқастарды күтттіріп қойып, сол күйі келмепті.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button