Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды (видео)

Жамбылдық депутат нан бағасын көтеруді ұсынып отыр. Мейрамбек Дөненбаев бірден 500 теңгеге көтеру керек дейді. Халық қалаулысы бұл пікірін жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтқан.

Шынымды айтсам, өте арзан. Мен айтатын болсам 500 теңгег көтеру керек! Мен өзім АШ тауар өндірушісімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеге де өтпей жатыр. Бұл халықтың қалтасын көтерді деп ойлайсыз ба? Әбден көтереді», дейді  Мейрамбек Дөненбаев.

Мәслихат депутатының бұл сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал, Мейрамбек Дөненбаевтің өзі қарашаның қалтасына салмақ салу үшін емес, ысырапшылдыққа жол бермеу үшін айтылған пікірім дейді. Сапарда жүрген депутатпен телефон арқылы тілдестік.

МЕЙРАМБЕК ДӨНЕНБАЕВ — ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «500 теңге деген бір күндік наныңызға қымбат емес. Тіпті малға да езіп беріп жатыр, ит жеп жатқан да нан, қоқыста жатқан да нан. Ал ол нанды өндіріп көріңдерші, содан соң айтасыңдар. Біз өзіміз нан өндіргеннен кейін соны білеміз. Бидайды өсіріп көріңізші, 1 келі бидайды өсіру қандай екен?!»

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button