АЙМАҚБасты жаңалықтарЖәнібек ауданыКазталов ауданыӨҢІРЛЕР
Батысқазақстандық азамат киік мүйізімен ұсталды
Күдікті 23 маусым күні түнгі сағат 03:00 шамасында Қазталов ауданының орталығында ұсталған. Полиция қызметкерлері жол жүру ережесі бойынша көліктерді тексеру кезінде «Нивадан» жетпіс дана киік мүйізі табылды.
Осы оқиғаға байланысты Қазталов ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жасақталып, іздестіру кезінде қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде БҚО, Жәнібек ауданының бір азаматы анықталып, ол жасаған қылмысын мойындады. 35 киіктің денесін далаға лақтырып кеткен.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.