Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Әскери қызметін өтеген сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды

22 қарашада ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскерибөлімінің саптық алаңында белгіленген қызметмерзімін өтеген 2-2023 шақырылым сарбаздарынзапасқа шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Барлығы еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген400-ден астам мерзімді әскери қызметшілер үйлерінежіберілуде

Ісшараға бригада басшылығы, мерзімді қызметсарбаздары және құқық қорғау органдарыныңардагерлері қатысты. Рәсім барысында Отанғақызмет еткені және адалдығы үшін жылы лебіздерайтылды. Командирлер жауынгерлердің әрқайсысықызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау арқылы елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасызетуге өз үлестерін қосқанын атап өтті.

Жауынгерлік дайындықтағы және үлгілі әскеритәртіптегі жоғары көрсеткіштері үшін қызметбарысында ерекшеленген сарбаздар грамоталарменжәне төсбелгілермен марапатталды, олардыңата-аналарына алғыс хаттар жіберілді. 38 сарбазжоғары оқу орнына ақысыз негізде түсу туралысертификаттар алды.

«Бүгін біз өз міндеттерін лайықты орындағанқарулас бауырларымызды шығарып салып отырмыз.Сіздер үлкен отбасының бір бөлігі болдыңыздаржәне өздеріңіз туралы тек жағымды естеліктерқалдырдыңыздар», деп атап өтті бригада командиріполковник Марат Рахпанов әскери қызметшілергесөйлеген сөзінде.

Сарбаздар өз кезегінде командирлері менәріптестеріне қолдау мен достық атмосфера үшін алғыс білдірді. «Ұлттық ұландағы қызмет біз үшінсынақ қана емес, өмірдегі маңызды кезең болды. Бізелімізді қорғауға өз үлесімізді қоса алғанымыздымақтан тұтамыз», деді қатардағы жауынгер ДиасБақытжан.

Салтанатты рәсім соңында бөлімшелер үйгеқайтып бара жатқан әскери қызметшілердің алдындасалтанатты шерумен өтті.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button