Басты жаңалықтарМәдениетТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістандық ақын бас жүлдеге ие болды

Көкшетау қаласында «Құрмет саған, құрылысшы!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Түркістандық айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов қазылар алқасының шешімімен аламанның бас жүлдесіне ие болды. Бұл туралы Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі хабарлады.
Қазылар алқасының құрамында мәдениет пен ғылымның танымал қайраткерлері болды. Олардың қатарында филология ғылымдарының докторы, академик, жазушы әрі журналист Уалихан Қалижан, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, ақын Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын Арман Бердалин, Халықаралық ақындар-айтаскерлер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жыршы-термеші Құдайберді Мырзабеков және мәдениет саласының басқа да өкілдері бар.
Аламанға еліміздің әр аймағынан келген белгілі айтыс ақындары қатысты. Атап айтсақ, Дәурен Ақсақалов пен Біржан Байтуов, Аспанбек Шұғатаев пен Рауан Қайдар, Нұрбол Жауынбаев, Нұрзат Қару, Еркебұлан Қайназаров, Мұхтар Қонарбай, Мұхаммед Қонқаев пен Ерлан Дәулет айтыстың көркін қыздырды. Айта кетейік, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және олардың беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.
А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button