АймақБасты жаңалықтарҚоғам

Ақша жегені үшін екі депутат сотталды

Ақтөбе облысында  әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шығарылды.

Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы өзінің меншігіндегі жатақхананы  әйелінің атына аударып, дайын көп пәтерлі үй ретінде мемлекетке сатқан. Мұнымен қоймай,  Үкіметке берген жатақханасын жөндеуге 672 млн теңге бюджеттен тағы бөлдірген. Қос депутаттың бұл ісіне аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы азаматтың да қатысы бар көрінеді.

Бүгін, Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, әрқайсысы әртүрлі жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Келтірілген залал сомасы сотталғандардан ортақ тәртіппен өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл қылмыстық схеманы Мұғалжар ауданының прокуратурасы анықтаған. 2024 жылғы сәуір айында әкімдік тарапынан әлеуметтік тұрғын үйді сатып алудың заңдылығына жүргізілген талдау барысында шенеунік пен жергілікті мәслихат депутаттарының қитұрқы ісі белгілі болды.

А.Орынғали.

Басқа материалдар

Back to top button