Басты жаңалықтар
Сирияға кеткен оралдық келіншек елге оралды
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әзірге 29 жастағы келіншектің қай жерге орналастырылғаны белгісіз. Незігі Орал қаласының тұрғыны екен. Оның өзімен бірге 4 баласы бар. Үлкені 5 жаста болса, кішісі бірнеше айлық. Балалы әйелді елге жеткізуге Мәскеудегі Қазақстан елшілігі атсалысты.
Айта кетейік, жуырда 40-тан астам әйел мен бала-шаға Сирияның қауіпті аймақтарынан Шешенстанға жеткізілген болатын. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының азаматтары бар.