Басты жаңалықтарДенсаулықҚоғам
Үшем туған отбасын әкім келіп құттықтады

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Әдемі, Сұлу және Әміре есімді үшем дүниеге келді.
Шалқар қаласында тұратын ерлі-зайыпты 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар еді. Енді көп балалы отбасына айналды. Үшемдер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты.
Әдемі, Сұлу, Әміренің салмағы үш түрлі, 1600, 1670, 1490 грамм болған, ал бойлары бірдей, 35 см. Кішкентайлар бір айдан аса уақыт облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің жіті бақылауында болған. Қазіргі таңда сәбилердің де, анасының да жағдайы жақсы.
Лайықовтардың отбасындағы қуанышқа қатты қуанған Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов та үшемдердің ата-анасын құттықтап, естелік сыйлық апарып берген.
З.Рахмет



