Жастарды қалай жұмыспен қамтимыз?
Бұл мәселе жуырда Түркістан облысында да талқыланды. «Жол картасы» аясында ұйымдастырылған жиында өңірдегі жастарды еңбекпен қамтуға бағытталған іс-шаралар жайы сөз болды. Бұл шара Түлкібас аудандық қорғаныс істері бөлімімен, аудандық «Мансап» орталығы мен аудандық «Жастар ресурстық» орталығымен бірлесе отырып Тұрар Рысқұлов ауылы, Сейдалиев көшесі №3 мекен-жайда орналасқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде өтті.
Өзекті мәселе талқылаған басқосуда “Amanat”партиясы филиалының хатшысы Жунісов Ержан Алимұлы сөз сөйлеп, Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Байменов Талгат Мусаевич іс шараның негізгі мақсатын баяндап ашып берді. Сонымен қатар төмендегідей әскери бөлімдер бос жұмыс орындары жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
— 91678 әскери бөлім Жамбыл облысы Жуалы ауданы
— 99210 әскери бөлім Түркістан облысы Түркістан қаласы
— 99205 әскери бөлім Жамбыл облысы Тараз қаласы
— 35748 әскери бөлім Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы.
Одан бөлек онлайн форматта
— 23366 әскери бөлім Астана қаласы
— 99260 әскери бөлім Қостанай қаласы қатысып өз бос орын мамандықтары бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз