Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Төлеби ауданында жаңа көпір ашылды

Төлеби ауданы Ханарық елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл туралы  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Нысанның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ермек Сұлтанқұлов арнайы келіп, ауыл халқының көптен күткен қуаныштарына ортақтасты. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов стратегиялық маңызды көпірдің ашылуымен тұрғындарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Бүгін ерекше күн. Біз баршамыз Ханарық елді мекеніндегі көптен күткен көпір құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыру үшін жиналып отырмыз. Бұл – жай ғана құрылыс нысаны емес, бұл – ауылдың өмір сүру сапасын арттыратын, күнделікті тұрмысын жеңілдететін, ауыл мен аудан арасын жалғайтын маңызды инфрақұрылым. Балдыберек өзені бойындағы көпір – жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аса қажет болатын», — деді аудан басшысы.
Тасарық ауылдық округі Ханарық елді мекенінде 250 тұрғын үй, 2 мыңға жуық адам тұрады. Көпір құрылысын мердігер мекеме «АВС Group KZ» ЖШС-і жүргізген. Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға ұзындығы 42 метр, ені 10 метр көпір салынды.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button