Басты жаңалықтарСаясат

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, KAZINFORM  хабарлады.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, − деп жазылған хабарламада.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, себебі Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін осындай тапсырма түскенін және мәселені пысықтап жатқанын жеткізді.

 

Басқа материалдар

Back to top button