АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғамӨҢІРЛЕР
Сириядан келген келіншек сәбиіне Қасым-Жомарт деп ат қойды
«Жусан» операциясымен Сириядан оралған атыраулық келіншек жақында ұл тауып, сәбиге Қазақстан Президентінің есімін қойды. Бұл туралы «Дүрбі» газеті durbi.kz хабарлады.
Елге келгелі оңалту орталығында болып, мамандардың кеңесін алған Балжан Абдрахманова ұлына Қасым-Жомарт деп ат қойды. «Қақтығыс аймағынан туған жерге аман-есен оралуға мүмкіндік, қамқорлық жасаған Президентке құрметімді осылай көрсеткім келді»,- дейді ол.
Балжанның перзентханадан шыққан қуанышын «Шапағат» оңалту орталығының мамандары бірге бөлісті.