Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Полициядан қашқан бозбала электр бағанына соғылды

Тәртіп сақшыларынан қашамын деп жазым бола жаздады. Оралдық жасөспірім ұрланған машинамен электр бағанасына соғылды. Оқиға кеше таңғы сегіздер шамасында болған. Көлік құмар бозбала полиция қызметкерлерін әбден әбіргерге салғанға ұқсайды. Төртеуі бірдей қуса да жасөспірімге жете алмапты. Ақыры тықсырған темір тұлпарлардан ықты ма, бар жылдамдығымен бағананы қиратып жол жиегіне әрең тоқтаған. Сөйтсе, тізгінші бала әкесінің көлігін мініп кетіпті. Алғашында мүлігінен көз жазып қалған қала тұрғыны полицияға арыз жазған. Алайда кейін қайтып алыпты. Қазір аталған дерек бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



