Басты жаңалықтарҚоғам
Халықтың ақша жинау мәдениеті төмен

«Хабар» арнасындағы «Қоғам пікірі» бағдарламасында тұрғын үй нарығының сарапшысы Ерболат Ақбергенұлы осылай деді.
-Болашақта ипотека алайын деп халықтың табысының бір бөлігін жинақтау мәдениеті өте төмен. Содан кейін халық төмен пайызбен алуға шыдамайды да, қымбат процентпен алып жатыр. Ол үйлерге деген сұранысты көбейтеді. Сұраныс артқан соң баға да көтеріледі,-деді сарапшы.
Телебағдарламада баспана мәселесі талқыланды. Студия қонақтары түрлі факторларды сөз етті. Оның ішінде ауылдан қалаға көшу үрдісінің де әсер етіп жатқанын айтты. Және ақша жинау мәселесі де қызу талқыланды.
А.Орынғалиұлы
ФОТО: Ашық дереккөз



