Басты жаңалықтарМәдениет

Сахна саңлағының дәстүрлі фестивалі

Қазақ ССР халық әртисі, СССР халық артисі, Социолистік Еңбек ері, профессор, ең бастысы халық мақтанышы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова желтоқсан айында 90 жасқа толады. Тумысынан талантты әнші осы жасқа келгенше шәкірт тәрбиелеуде де, сахнаға шығуда да тұғырынан түскен емес. Қазан айында Алматыда жас опера әншілерінің X халықаралық байқау аяқталды. Бұл мерейтойлық байқауға қызы Гузель екеуі бар күш-қайратын жұмсады.

Вокалдық әнішлердің конкурсы екі жылда бір рет өтеді. Халықаралық байқаудың әр жыл сайын биік деңгейде өтуіне қаржылай қолдау көрсетіп отырған «Теңізшевройл» ЖШС. Бибігүл Төлегенованың айтуынша, конкурсты жыл сайын өткізудің маңызы жоқ, өйткені әнішлер де, ұйымдастырушыларды бұл байқауға тыңғылықты дайындықпен келу керек. Сондай-ақ халық артисі, жыл сайын конкурсқа қатысушылардың географиялық әлеуеті кеңейіп келе жатқандығын мақтанышпен айтты. Биылғы жылы байқауға әлемнің 12 елінен үміткерлер қатысқан.

«Шеврон» біздің тұрақты әрі сенімді демеушіміз. Сол үшін біз мақтан оны етеміз және үлкен құрметпен қараймыз. Менің «Шеврон» компаниясына алғысым шексіз. Өйткені жәй ғанан демеуші емес, бірнеше рет бас демеуші болып, біз оларға байқаудың статуэтін табыстадық. Ең бастысы компания өкілдері өздері хабарласып, көмек қолын созып жатады. Құдды біздің туысымыздай» деп ағынан жарылды атақты әнші.
«Шеврон» компаниясының демеушілігімен өткен халықаралық байқаудың биылғы Гран-при иегері Италиядан келген талантты бала. Әрине бұл түсінікті де , өйткені Италия – операның отаны. Ұлы тенор дауыстылардың бәрі итальяндық әншілер. Осындай мемлекеттен үміткерлердің қатысуы – байқаудың мәртебесін де өсірері анық. Байқаудың бірінші жүлделді орынын Қазақстандық Гүлдана Алдадосова иеленді.

Байқауға төрелік етуге әлемнің бірнеше елінен АҚШ, Франция, Молдова, Ресейден өкілдер арнайы келген. Халық артисі қазылар алқасын таңдауда өте кірпияз. Тек талантты ғана бағалауда талап етеді. Бұған дейін байқауға қатысқан жүлдегерлер тек қонақ ретінде ән айтуға мүмкіндіктері бар. Үміткер ретінде қатыса алмайды.

Бұл байқау Бибігүл Төлегенованың бірнеше жобасының бір парасы ғана. 2017 жылы қызы Гузель екеуі «Қазақ операсының ХХ ғасырдағы аңызы» атты антологиясын да жарыққа шығарды. Бұл антологияға аңызға айналған қазақтың опера әншілері Күләш Байсеитовадан Әлібек Дінішовке дейінгі тұлғалардың тағдыры енген. Әнші елімізде 7 СССР-дің халық артисі бар екендігін үлкен мақтанышпен айтты. Олар Күлаш Байсеитова, Ришат Абдулин, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Бибигул Төлегенова және Алібек Дінішев. Енді олардың қатары хас әрі жас таланттармен толығуда.

Г.Абайқызы

Басқа материалдар

Back to top button