Басты жаңалықтарДенсаулық

Инсульттің боларын бір ай бұрын білуге болады

Бұл туралы белгілі дәрігер, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев айтты.

«Хабар» арнасына берген сұхбатында медицина маманы ер азаматтарға тән менталитетті  мысалға келтіріп, олардың көп сөйлемей іштен тынатыны, сырын, проблемасын ешкіммен бөліспейтіні инсультке әкелетінін айтады.  Жүрек қысып, ентіге бастаған кезде бірден кардиологқа көріну қажет дейді.

— Ми жүрекпен салыстырғанда ауырмайды. Бірақ оның да белгілері бар. Инсульт болардың алдында  бір ай бұрын адамда жарты сағатқа бір қолы мен аяғы ұйып қалуы мүмкін немесе қол-аяғы әлсіреп, істемей қалуы мүмкін. Сосын қайта қалпына келеді. Сөйлеуі күрмеліп, бір заттарды айта алмай, қайта қалпына келуі мүмкін. Жарты сағатқа басы айналуы мүмкін. Соның барлығы белгі,- дейді Мыңжылқы Бердіқожаев.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button