Парламент депутаты қазақтың тойын сынға алды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан бүгінгі тойлардың кемшілігін айтты. Ол бір-біріне ұқсас, бір сарындағы тойларға амалсыздан, шақырған соң барады екен. Асабалардың жауыр болған жаттанды сөздерімен, арзан әзілдерімен жалықтырып жіберетінін де атап өтті. Топырлаған адам тілек айтуға шығып, қаншама уақытты алады, оны тыңдап жатқан адам жоқ. Ал дастархандағы аста төк тамақтың ысырап болып қалатынына қылжылады екен депутат.
Мәжілісмен ең алдымен қарапайым жандардың қарызданып той жасайтынын да сынға алды. Несие алып ұл-қызын үйлендіргендің балалары жарты жылдан кейін ажырасып, ал ата-аналардың банктің қарызын жауып, қиналып жүретінін айтты.
-Қазақта «көрпеңе қарай көсіл» деген бар. Ақшаң жоқ па той жасаудың қажеті жоқ. Ақшасы көп, қайда шашарын білмей жүргендей тойлай берсін,-деді депутат Айгүл Құспан.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



