Басты жаңалықтарМәдениет

Асанәліні жоқтаған Тұңғышбай оған өкпесін де айтты

Белгілі актер, Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты жазба жариялады.  Өнер жолында бірге келе жатқан театр тарланы марқұмның тағдырын да, өзіне деген көзқарасында ашық жариялаған.

«Асқар тауымыз едің — аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің — соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын — арттарында қалдым…. Ағалық жасап арқамнан қақпадың — әлжуаздықтан сақтадың… Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің — өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың — жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың — табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың — бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың — ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың — Мен кештім… Биіктігіңе парапар, пенделігіңді көрдім — Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, өлімге қимадым… Сарыуайым — Сағынышқа айналдың… Қош… Бақұл бол…», — деп жазды ол.

 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button