Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістан облысында ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі

Облыста 3654 соғыс және тыл ардагері бар. Жеңіс күні қарсаңында бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 176,5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл төлемдер 3 мамырға дейін беріледі.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде  Ұлы Отан соғысына қатысушы 11  адамға және соғыс  мүгедектеріне  1,5 мле теңге, ал  соғыс жылдарындағы  кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ардагерлерге  теңестірілген басқа да санаттарға 100 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына 60 000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден (3522 адам) беріледі.
Жеңіс күнінде Түркістан қаласындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, патриотизм мен отансүйгіштік рухты нығайту мақсатында белгілі тарихи тұлғалардың, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, волонтер жастардың күшімен ҰОС қатысушылардың тұрмыстық жағдайына көмектесу, «Ардағым ардагерім» акциясы өткізілмек.
Айта кетейік, Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батырлары және 8 — і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған.
А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button