Басты жаңалықтарБілімҚоғам

Мектеп түлектері сыныптасына үй алып берді

Маңғыстау облысында мектеп түлектері сыныптастарына баспана сыйлады. Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында 20 жылдық кезедсуге жиналғандар  замандастарына осындай тосынсый жасады. 2006 жылы білім ұясынан ұшқан ауылдың ұл-қыздары жиналған қаржыларын даңғазалыққа шашпай, қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарыпты. Олар екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сыныптасы Қарлығаш Аяповаға 25 мамыр күні баспананың кілтін табыс етті. Үйдің ішінде жиһазбен, керек жарақпен жабдықтаған. Шынайы достықтың үлгісін көрсеткен түлектердің тартуын жерлестері үлге етіп айтып жүрген көрінеді.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button