Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет
Той думан радиосының жүргізушілері астаналық келіншектің ашуына тиді
Бұл жай келіншек емес, дарынды әнші Индира Мукина. Ұл-қызын сабаққа алып бара жатқан көп балалы ана toiduman.kz радиосы жүргізушілерінің сөзін естіп жылап жібере жаздаған. Ел болып Салтанат Нүкенованың ауыр тағдырын талқылап жатқанда, аталған радионың қызметкерлері “Ұрысты кім бастайды? Әйел ме, еркек пе?», «Әйелдер әбден құтырған. Бұрын аналарымыз әкеміздеп таяқ жесе де, көнген. Қазіргі таңда жағдай жасалған сайын “әйел” құтырады” деп бөсіп отыр» деп ызаланды Индира.
«Басқа қозғайтын тақырып қалмағанба» деп ашуға булыққан астаналық әнші келіншек мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны белгілеп, пост жазды.
Ж.Арғын