Ақберен Елгезек келіншегінің кесірінен өсе алмай жүргенін айтты

Ақын Ақберен Елгезек келіншегі билікті сынаған соң қызметі өспей жүргенін айтты. Бұл туралы УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ… жобасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ақбереннің жұбайы Дина Елгезек журналист. Келіншегінің жазбалары үшін жоғары жақтан, ұлттық қауіпсіздік комитетінен де қоңыраулар түсіп, адам келетінін жасырмады.
– Жеңгем билікті сынап отырады. Ал сіз түрлі жобалар алып, тендер алып жұмыс істеп жатасыз. Осының бәрі қалай қолдарыңыздан келеді?
—Мен саған айтайын. Егер жеңгең жазбағанда Берік Уәли, Ерлан Карин, Аида Балабаевамен Тоқаевтың қасында жүреьін едім.Министр, бір облыстың әкімі болатын едім. Біреулер айтады, Ақберен билікте жүреді, әйелі билікте сынайды деп. Мен қандай билікте жүрмін. Жазушылар одағы қоғамдық ұйым. Ұлықбек аға шақырды.
-Аяғыңызға тұсау салып жүрген жеңгем бе?
—Ол өзінің саяси көзқарасын жазатын дербес журналист. Соның есесіне мен өскен жоқпын ешқайда.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дерек