Білім саласын сынайтын депутат министрдің орнына отырды

Дүйсенбінің таңы, сол жағалаудағы ауыс түйістен басталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды. Оның орнына білім саласының былығын тіліп айтып, талай сынаған депутат Жұлдыз Сүлейменова жайғасты. Ол мәжіліс мінберінде ұстаздардың сабағын, оқушылардың тамағын қатар ойлап, бұрынғы бас ұстазбен біраз тартысқан еді. Талапты төтесінен қойғаны да есімізде.
«Маған сыдыртпа бір жауап бересіздер. Әрбір елде 5-6 жыл сайын өзгереді бұл білім беру бағдарламалары. Ал бізде білім беру бағдарламаларын өзгертудің орнына, біз бәрін тоқтатып қойдық. 1:22 4:35 Менің бұл сын пікірім. Жауап берудің қажеті жоқ. Өйткені сіз жақсы жауап бересіз. 4:38 4:44 Барлық ұсыныстарды қайта қарап нақты шешім шығарыңыз», деді Жұлдыз Сүлейменова.
Білім жүйесін басқаратын Сүлейменова енді саланы серпілтуі тиіс. Өйткені, су жаңа министрді бүгін Мемлекет басшысы жеке қабылдап, бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ Жаслан Мәдиев те бірден қос қызметтің тізгінін ұстады. Ол премьер-министрдің орынбасары, әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Яғни, қызметінің атауы өзгергенімен құзіреті өзгермеді.
А.Нәби



