Басты жаңалықтарҚоғам

Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар автобус бағытын субсидиялау үшін жылына 20 млрд теңге жұмсалады

Ақтөбе қалалық әкімдігі 42 бағытты субсидиялайды. Жылына шамамен 20 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZINFORM  хабарлады.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің сайтында «Субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың 2025-2027 жылдарға арналған тізбесі» туралы құжат жарияланды.

Тасымалдаушылардың шығынын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына сүйенген тарифтері жөніндегі комиссия хаттама толтырып, Ақтөбе қаласының әкімі қаулы шығарды. Онда 2024-2026 жылдарға арналған қаулының күші жойылып, 2025-2027 жылдарға арналған тізбесі қолданысқа енетіні туралы жазылған.

Құжатқа сүйенсек, қалада барлығы 42 бағыт шығыны субсидияланады. Субсидия әр бағытқа әртүрлі төленеді. Ең арзаны — №49 бағыт. Мұнда әр шақырымы 269 теңге деп белгіленген. Ал ең қымбаты №46 бағыт. Мұнда әр шақырымға 1691,77 теңге қарастырылып отыр. Жылына осы бір бағытқа 1 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Жалпы 2025-2026 жылдары аралығында әлеуметтік маңызы бар автобус бағытына 60 млрд теңге жұмсалады.

Айта кетейік, Ақтөбеде ересектерге арналған жолақы 80 теңге, ал балаларға 40 теңге. Зейнеткерлер тегін жүреді.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласы әкімдігі әрқайсысы 126 млн теңге тұратын техниканы лизингке сатып алмақ. Бұл көше сыпыратын, шаңын басу үшін су шашатын техника.

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button