Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Әнші Шаһизаданың жыртық көйлек сатқаны рас па? (видео)

Елімізге белгілі әнші Шаһизаданың басы дауға қалды.  Оның дүкенінде сатылған киім жыртық болып шыққан. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы фейсбуктегі парақшасына жариялады.  Сапардан келген журналиске балалары тосынсый жасап, Шаһизаданың дүкенінен көйлек алған екен. Алайда су жаңа киімнің кейбір жері жыртық болған.  Хабарласқан кезде, киім салонының қыздары дұрыс сөйлеспей,  телефонды бұғаттап тастаған көрінеді.

Осы пост таралып кеткен соң, артынша Шаһизада да пікір білдірді. Әншінің сөзінше, көйлек жыртық емес, өзіне тар болса да киіп қарайтын киленттердің кесірінен сәл сөгілген екен. Эстрада жұлдызының өкілдері Жазира Бегалыдан кешіріп сұрап, ақшасын қайтарғанымен, журналист постын алмайтынын мәлімдеді.

ФОТО:Ашық дереккөз

Видео aiym_kenzhalieva парақшасынан алынды. 

Басқа материалдар

Back to top button