Басты жаңалықтарБілімВидео

Әкімдіктегі жиналыстың соңы төбелеске ұласты

Түркістанда шенеунік коммисия отырысында балабақша иесін төмпештеп тастаған. Сұмдық жағдай видеоға түсіп қалған. Анықталғандай әкімдік ғираматының ішіндегі жаға жыртысу өткен жылы болған екен. Бірақ бейнежазбасы енді тарап жатыр. Білім басқармасындағы жиын кезінде әкімдік өкілі мен кәсіпкер келіншек арасында жанжал туындап, арты жұдырық ала жүгірумен аяқталыпты. Балабақша иесіне күш көрсеткен шенеунік ішкі аудит қызметінің бас инпекторы екен. Ол әдеп нормасын сақтамағаны үшін қатаң сөгіс алып, 34 мың 500 теңге көлемінде айыппұл арқалап құтылған.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button