Ауыл молдасы күйеуі бар келіншекпен ойнас жасаған (видео)

Алматы облысында ауыл молдасы отбасылы әйелді төсекке сүйреп, ақыры өз-өзіне қол салуға мәжбүрлеген. Осылай деп марқұмның күйеуі үндеу жасады. Алайда, бұған қатысты молданың пікірі мүлдем басқа. Келіншекпен бірнеше жылдан бері араларында сезім болғанын жасырмаған ол, жағдайдың бұлай аяқталатынны білмедім деп отыр.  Расымен оқиға қалай болған? Үш баласын анасыз қалдырған әйелдің жасырғаны бар ма? Алдағы репортаждан көрейік. Бұл туралы «Евразия» арнасы хабарлады.

«Жолдасым Нұрғизат Азатханқызы ауылдың молдасы Қадыр Әмбиеұлының хайуандық әрекетіне шыдай алмай өзі өзіне қол жұмсады».

Әлеуметтік желіге жария болған осы бір үндеу дүйім жұрттың жағасын ұстатты.  Сұмдық оқиға Алматы облысының Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы елді мекенінде болған. Ауылдың имамы атанған Қадыр деген діндәр жігіт екі үйдің біріндей  болып, отбасымен араласып жүрген Есқат есімді азаматтың әйелімен көңіл жарастырған деген қауесет бар.

ЕСХАТ ӘЙНЕБЕКҰЛЫ, МАРҚҰМНЫҢ КҮЙЕУІ: «Сәуір айының 4 күні түнде сағат 1-де байқадым, соткасына сообщение келіп тұр екен. Әйелімнен соткасын берші деп едім бермеді, сосын жұлым алдым да көрсем, Имамның «Жаным, шықшы сөйлесейік» деген сөзі келіп тұр екен. Әйеліме «шығам» деп жаз дедім. Әйелім жазды, шықтым. Ол летний үйде жатыр екен күтіп. Сосын сол жерден ұстап алдымда екі рет ұрдым. Ол қашты, сол күйі қашып кетті.»

Сол түні қашып құтылған имам артынан телефон арқылы досы Есхаттан соңғы сөзін айтып, кешірім сұрапты. Бірақ, артынан сертінен тайып, тағы да оның келіншегі Нұрғизаттың мазасын алған көрінеді. Тіпті, менен бас тартсаң, соңы былай болады деп бопсалап, видео да жіберіпті.

«…Сені қатты жақсы көргенім осы күйге апарды. Міне осы күйде жатырмын қазір. Қандай қиындық келе жатқанын өзің де білесің. Рас осы күйде. Осы азапқа душар болдым мен. Қазір менің жағдайымды көрші өзің. Жағдайым не болып жатқанын сезінсең…»

Осындай видеоларды жіберген соң амалы таусылған Нұрғизат күйеуінің көзіне шөп салғысы келмейтінін, ешкімге де жар болғысы келмейтінін айтып, аудиожазба жодаған имамға.

 

«..Өлімнен басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Қазір болмаса да біраз күннен кейін өлем. Мен осыған бекідім. Мен адам болмаймын…».

Гәптің бәрі мешітте ұйымдастырылған  «99 есім» деген курстан басталған.  Ауыл келіншектеріне осындай сабақ өткізіп, сауап алмақ болған дін өкілінің ойы бұзылып, досының келіншегіне аңсары ауыпты.

ИМАНҒАЛИ ҚҰРБАЙҰЛЫ , ҚАЙНАРЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Күйеуі имамның көмекшісі болған. Бірге араласып, мешітте бірге жүріп, екеуі дос болған адамадар. Есхаттың марқұм әйелі, бір жетідей 99 пайғамбардың атын  мешітке барып оқып жүрген. Содан басталған дейді арасындағы қарым — қатынастары».

Ауыл имамы болған Қадыр Әнбия негізі Қытайдан көшіп келген. Діндәр жігіттің келгеніне қуанып, жергілікті билік үй салуға жер беріпті. Бірақ ауылды ұйытуға емес іріткі салуға келгенін кім білген…

ИМАНҒАЛИ ҚҰРБАЙҰЛЫ, ҚАЙНАРЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:»Күйеуі Есхат мал бағуға Үштөбеге кеткен дейді. Сол жақта жүргенде, әйелі тағы хабарласыпты, мынау менің мазамды алды, мені алып кет деп. Сосын Есхат бауырыма айттым дейді, барып киімдерін жинай бер  Үштөбеге алып кетеміз деп. Сол кезде бауырының көлігі сынып қалып, дәл сол күні келмей қалыпты. Дәл сол түні осы жағдай болған».

Күндіз имам, ал  түнде әйелдердің есігін аңдитын дон жуанның әрекетіне ауылдастары сенер сенбесін білмейді. Досының келіншегі Нұрғизат өзіне  қол жұмсаған күні Қайнарлыдан көшіп кетіпті.

ІСЛАМБЕК МӘЛІК, КӨРШІСІ:»Ана келіншек өлді, асылып таңертең. Содан кейін жұма намазын оқыды дейді, мешітте. Кейін кешкісін кетіп қалды».

МЕРУЕРТ БЕКҚОЖАНОВА – КӨРШІСІ:»Жасаған нәрсмесін қолымен, мойнымен , басымен көтеру керек. Білмеймін енді. Бақандай бір отбасын нетіп отыр енді. Жылатып, еңіретіп қойды енді. Оңай емес қой».

Бір отбасының шырқын бұзып, бір ауылдың құтын қашырған имам досының әйеліне ғашық болғанын жасырмайды. Әйелімен бірнеше жыл отасса да бала сүйе алмапты. Екеуі талайы рет сыр ақтарыпты.  Нұрғизат сүйген жігітіне қосыл алмай, Есхатқа үлкендердің кеңесімен  тұрмысқа шыққанында да айтыпты.

ҚАДЫР ӘНБИЯ, ҚАДЫР ӘНБИЯ, ҚАЙНАРЛЫ АУЫЛЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ МОЛДАСЫ:»Махаббат шын, сүйдім, шын жақсы көрдім. Басында сөйлестік, сөйлесіп жүрдік, кейін расында бір-бірімізді сүйіп, ол кісі де марқұм айтқан сөздері бар. Ол кісіні қаралағандай болмайық, күйеуінен талақ сұраған, менімен тұрмысқа шығатын жағын айтқан».

Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл сұмдық жағдайға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Бар айтқандары, имамды ауыл тұрғындары өздері сайлап алған екен. Діни басқарма тарапынан бекітілмепті. Сондай-ақ, ауылдағы мешіттің де толық құжаттары рәсімделмеген. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

ЕРНАР САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде қылмыстық іс Алматы облыстық ІІД Ескелді полиция бөлімінде тергелуде. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу кезінде іс бойынша  сараптамалар тағайындалды, куәлар сұралды және басқада тергеу амалдар жүргізілуде».

Марқұм келіншектің артында жәутеңдеп үш бала қалды. Екеуі мектеп жасында, кенжесі  2017 жылы дүние келген. Имам әрі досының қорлығына шыдай алмаған Есхат құзырлы органдардан діннің атын жамылған жігітке  әділ жаза кесуін сұрайды. Себебі, молда да  адвокат жалдап жатқан көрінеді.

 

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*