Қазақ-қытай саудасындағы сандар сәйкес келмейді
2017 жылғы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көрсеткіші сәйкес келмейді.
Кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінде екі мемлекет арасындағы сауда айналымының статистикасы екі түрлі екені айтылды.
Қазақстанның есебі бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 11 млрд долларға жуықтаған. Ал қытайлықтардың статистикасы бойынша 18 млрд долларға жеткен. Қалған 7 млрд доллар қайда?
«Қандай сан болса да, бәрі де жаман емес. Қалай болғанда да өсім бар екені көрініп тұр. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде екі арадағы тауар айналымы 2,5 млрд долларды құрап, 17 пайызға өскен. Біздің ынтымақтастығымыз «Жібек жолы» экономикалық белдеуінің аясында одан әрі нығая түсті», деді Қазақстан Президенті.