ӘлемБасты жаңалықтарСаясат

Тоқаев Зеленскийді жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады. 

 «Владимир Зеленскийге президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», — деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Украина орталық сайлау комитетінің ақпаратынша, Владимир Зеленский президент сайлауында сайлаушылардың 73,17% даусына ие болды.

«Слуга народа» партиясының атынан ұсынылған кандидат, өзінің жеңісін естігеннен кейін Украина жұрты мен жақын-жуығына алғысын білдірді.

Зеленскийді құттықтауларшылар тізімінде Франция президенті Эммануэль Макрон, АҚШ басшысы Дональд Трамп та бар. Трамп демекші, АҚШ Порошенкоға дербес құқықтылық беретінін хабарлап, оған «ешкім тиіспеуі керек» дегенге келтірді.

Басқа материалдар

Back to top button