Өзбекстан президенті Түркістан облысына көмек беруге дайын екенін айтты
5 мамыр күні өткен бейнеконференцияда Бұхара мен Сырдария облыстарындағы төтенше жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды uza.uz агенттігі.
«Өкінішке орай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаралы ауданындағы елдімекендерді де су басты. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені өзара түсіністік пен ашықтық рухында кеңінен талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді. Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз», — деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ көрші ел президенті өз сөзінде үкіметтен бастап жергілікті билік органдарына дейін қазақстандық әріптестерімен бірге тығыз жұмыс істейтін айтып, табиғи апаттың салдарын жоюда қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.