Басты жаңалықтарҚоғам
Астанада аулада жүгіріп шыққан баланы көлік қағып, көз жұмды

Трагедия 3 мамыр күні А.Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Kia Seltos маркалы көліктің жүргізуші қозғалып келе жатып, жүгіріп шыққан баланы қағып өткен. Бүлдіршін сол жерде мерт болды. Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Осы оқиғаға байланысты полиция жүргізушілерге тұрғын үй аулаларында байқап жүруді ескертеді. Ата-аналарға да кішкентай ұл-қызын көзден таса қылмай, қадағалауын талап етеді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз


